Бауыр күні қарсаңында PRO.MED.CS. Praha a.s. компаниясының қолдауымен жүргізілген әлеуметтік сауалнама алаңдатып отыр. Қазақстандықтардың біршама бөлігі метаболизмдік аурулардың қаупін толық түсінбейді. Және бұл бұзылыстардың бауырға әсері жайлы жеткілікті ақпаратқа ие емес.
Ақпараттық науқандардың болмауы, алдын алу шараларының жеткіліксіздігі және бауырды тексеруге қатысты кеш ұсынылатын кеңестер — қант диабеті мен семіздікке шалдыққан адамдардың бауыр ауруларының ерте белгілерін байқамай өткізіп алуына себеп болады. Бұл өз кезегінде аурудың кеш анықталуына және науқастың жағдайының нашарлауына әкеліп соғады.
2-типті қант диабеті мен бауыр аурулары арасындағы байланыстың жеткіліксіз танылуы
Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 44%-ы 2-типті қант диабеті мен бауыр қызметінің бұзылыстары арасындағы байланыс жөнінде білмейтіндерін айтқан. Тек 18%-ы бұл тәуекел туралы хабардар болса, 36%-ы бұл мәліметпен жартылай ғана таныс.
Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми-медициналық орталығы» АҚ терапия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, гастроэнтеролог-гепатолог, PhD докторы Айнұр Досжанның сөзінше, 2-типті қант диабетімен ауыратын науқастардың 55–70%-ында бауырдың майлануымен сипатталатын бауырдың алкогольсіз майлы ауруы (БАМА) анықталады.
«Кейбірінде бұл жағдай алкогольсіз стеатогепатитке дейін үдеп, фиброз бен циррозға ұласуы мүмкін. Семіздік, инсулинге төзімділік және метаболизмдік синдром — бұл екі дерттің де жалпы патогенез тетіктері. Қант диабеті кезінде бауыр — еркін май қышқылдарының артуы, липид алмасуының бұзылысы және созылмалы қабыну әсерінен нысанаға айналады», - дейді, Айнұр Досжан.
Сауалнамада тек 20% адам бауырын үнемі тексертіп тұратынын айтса, 52% оны анда-санда ғана істейтінін, ал 27% мүлдем тексерілмейтінін көрсеткен. Бұл — бауыр ауруларының көпшілігі симптомсыз өтетінін ескерсек, аса қауіпті.
Кардиолог-терапевт, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Дина Капсултанова статистика бойынша, 2-типті диабеті бар адамдардың тек 20%-ы ғана бауырын тексертіп тұратынын айтады. Қалғандары өте сирек немесе мүлдем дәрігерге жүгінбейді.
«Бұл дәрігерлер қауымын қатты алаңдатады, өйткені бауыр — ұзақ уақыт бойы “үнсіз” болатын мүше. Май инфильтрациясы, қабыну, фиброз секілді өзгерістер кезінде де науқас өзін жақсы сезінуі мүмкін. Нәтижесінде адамдар дәрігерге тек ауру өршіп, кеш кезеңге өткенде ғана келеді, ал бұл кезде кері өзгеріс жасау өте қиын болады», - дейді, Дина Капсултанова.
Сауалнамада респонденттердің 36%-ы бауыр ауруларының негізгі себебі ретінде дұрыс тамақтанбау мен алкогольді атаған. 20% — семіздік пен ұйқының жеткіліксіздігін, ал тек 14% ғана — қант диабетін негізгі қауіп факторы ретінде көрсеткен.
«Бұл нәтиже ішінара шындыққа сәйкес келеді, бірақ кейбір қате түсініктерді де көрсетеді. Артық май, қант пен фастфуд — бауырдың алкогольсіз майлануына ықпал ететіні рас. Алайда, алкогольсіз және алкогольді бауыр ауруларын шатастырмаған жөн. Ұйқы сапасының бұзылысы, мысалы, ұйқы апноэсы БАМА дамуымен жанама түрде байланысты. Семіздік — бұл жерде ең маңызды фактор. 2-типті қант диабеті — басты қауіптердің бірі, бірақ бұл байланыс жиі бағаланбайды. Қорытынды: қант диабеті мен бауырдың алкогольсіз майлы ауруы өзара тығыз байланысты», - деп атап көрсетті Айнұр Досжан.
Қазақстанда 2-типті қант диабетімен тіркеуде тұрған шамамен 500 мың науқас бар. Алайда бұл нақты сан емес — анықталмаған жағдайлар өте көп.
Елемеуге болмайтын белгілер
Сауалнама халықтың елеулі бөлігінде алаңдатарлық белгілер бар екенін көрсетті:
Сонымен қатар:
Мамандардың айтуынша, өз бетінше емделу — өте қауіпті. Халық арасында дәрігерге тек жағдай ушыққанда ғана бару тенденциясы сақталып отыр. Бауыр аурулары да осы үлгіде байқалмай өте береді. Бақылаусыз қабылданған биологиялық белсенді қоспалар, шөп қайнатпалар және “бауырды тазарту” әрекеттері зиян келтіруі мүмкін. Бұл шаралар тек бауырға емес, бүкіл ағзаға қауіп төндіреді. Сондықтан әсіресе созылмалы дерттері бар, семіздік пен диабеті бар адамдарға алдын алуға, дәрігермен тұрақты байланыста болуға ерекше мән берген жөн.
Бауырды қорғау — кешенді тәсілді қажет етеді
Мамандардың айтуынша, бауыр ауруларының алдын алу үшін эндокринолог, гастроэнтеролог, терапевт пен кардиологтың бірлескен жұмысы қажет.
«Қазіргі таңда бауыр — метаболизмдік бұзылыстардың негізгі нысан-мүшесіне айналды. Метаболизмдік синдром дегенде біз артық салмақты, жоғары қант деңгейін, қан қысымының көтерілуін және холестериннің артуын айтамыз. Бауырдың зақымдану белгілері кеш байқалғанымен, артық салмақ пен диабеті бар адамдарда бауыр маймен жүктелген күйде болады. Бұл май тек жинақталып қоймай, қабыну тетіктерін іске қосып, бауыр жасушаларына зақым келтіреді. Соңында бұл фиброз, цирроз және тіпті бауыр қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.
Семіздік пен диабеттің кең таралуына байланысты, алкогольсіз майлы бауыр ауруы ең жиі кездесетін созылмалы аурулардың біріне айналды. Диабеті бар адамдарда НАЖБП даму қаупі әлдеқайда жоғары. Яғни, бауыр метаболизмдік синдром мен диабеттен зардап шегеді, ал оның зақымдануы өз кезегінде диабетті де ушықтырады. Сондықтан бұл үштікті — НАЖБП, метаболизмдік синдром мен қант диабетін — бақылау және емдеу науқастың денсаулығын сақтау жолындағы аса маңызды міндет», — дейді Дина Капсултанова.
Қорытынды
PRO.MED.CS. Praha a.s. компаниясының қолдауымен жүргізілген сауалнама қазақстандықтардың бауыр денсаулығы мен метаболизмдік бұзылыстар арасындағы байланысты жеткілікті түсінбейтінін көрсетті. Диагностиканың төмендігі, белгілерді елемеу және қауіп факторларын жеңіл қабылдау — денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сын.
Мамандар бауыр ауруларының алдын алуға, метаболизмдік синдроммен күресетін науқастар арасында ақпараттық жұмысты күшейтуге және тұрақты тексерістер жүргізуге шақырады.
PRO.MED.CS. Praha a.s. — бұл өзінің ғылыми-зерттеу бағдарламасы бар, Еуропада орналасқан фармацевтикалық компания. Негізінен асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді шығарады. Сонымен қатар, жүрек-қантамыр және орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) ауруларын емдеуге маманданған. Компанияның барлық препараттары 30-дан астам елде дәрілік заттарды өндірудің қатаң стандарттарына сай келеді.