PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясы XVIII Халықаралық «Адам және дәрі-дәрмек – Қазақстан» конгресіне қатысуда.
Ауқымды конгресс циклі Қазақстанның барлық өңірлерін қамтиды. Бүгінге дейін іс-шаралар Шымкент, Өскемен, Павлодар және Қостанай қалаларында табысты өтті. Оған 600-ден астам дәрігер қатысты.
Конгрессте клиникалық тәжірибенің өзекті бағыттары бойынша баяндамалар ұсынылды. Оның аясында бауырдың алкогольсіз майлы ауруын дәрі-дәрмекпен емдеу, функционалдық диспепсия және гипертензияға қарсы терапияны метаболикалық бейіндеу сынды тақырыптар болды. Амбулаториялық тәжірибеде қолдануға арналған жаңа Илпио препаратының таныстырылымына ерекше назар аударылды.
Конгресс аясында баяндама жасағандар:
Ларюшина Е.М. — профессор, ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, НАО, Қарағанды қаласы
Смағұлова Г.Б. — кардиолог-дәрігер, «ЮвентаМед» ММ, Өскемен қаласы
Раисова А.М. — медицина ғылымдарының кандидаты, гастроэнтеролог
Рсалиева Ж.М. — терапевт-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты
Әліпова Г.Ш. — медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог
Құрманғалиева С.Ж. — жоғары санатты кардиолог-дәрігер
Конгресс Қазақстанның басқа да қалаларында жалғасуда. Ол медицина саласындағы жетекші мамандарды заманауи білім мен клиникалық тәжірибе алмасу мақсатында біріктіруде.