Конгресс серіктесі Pro.Med.CS Praha a.s. компаниясы ғылыми бағдарлама мен пікірталастарды қолдады.
«Панкреатологияда УДХҚ-ның орны бар ма?» таңырыбы негізгі тақырыптардың бірі болды. Бұл қазіргі гастроэнтерологиядағы урсодезоксихол қышқылының рөліне кәсіби қызығушылықтың артқанын көрсетеді.
Жетекші сарапшылардың баяндамалары тыңдалды:
Губергриц Наталья Борисовна — м.ғ.д., профессор, Еуропалық және Украин панкреатологтар клубтарының президенті, Халықаралық панкреатологтар қауымдастығы мен Еуропалық панкреатологтар клубының бірнеше сыйлықтарының, соның ішінде «Өмірлік жетістіктер үшін» марапатының лауреаты, «Инто Сана» клиникасының жетекші гастроэнтерологы (Одесса, Украина).
Рахметова Венера Саметовна — м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» КЕАҚ ішкі аурулар кафедрасы, «Гепатология және гастроэнтерология мамандары қоғамы» ҚБ төрайымы.
Базарова Анна Викентьевна — м.ғ.к., доцент, жоғары санатты дәрігер-эндокринолог.
Баяндамалардың жоғары ғылыми деңгейі мен халықаралық сарапшылардың қатысуы конгрестің ас қорыту жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылайтын беделді алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.