Сәуір айында бауыр ауруларын пәнаралық басқаруға арналған II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

13.05.2026

Іс-шара әртүрлі мамандықтағы сарапшылардың қатысуымен бауыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылайтын алаңға айналды.

Негізгі баяндамалардың бірі Искаков Бауыржан Самиковичтің «Функционалдық және органикалық диспепсия: клиникалық мәселелер мен шешімдер» тақырыбындағы баяндамасы болды. Баяндамашы - медицина ғылымдарының докторы, «Қазақстан-Ресей медицина университеті» МЕББМ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының профессоры, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас гастроэнтерологы, «Алматы гастроэнтерологтарының ғылыми-практикалық қоғамы» ҚБ президенті.

Конференция гепатология саласындағы пәнаралық өзара іс-қимылдың және мамандар арасындағы тәжірибе алмасудың маңызын көрсетті.