PRO.MED.CS Praha a.s. Алматыда өткен ішкі медицина мамандарының Конгресіне қатысты

02.11.2026

30–31 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Мүмкіндіктерді тоғыстыру: терапиядан хирургияға дейін» атты ішкі медицина мамандарының Конгресі өтті.

Конгрестің атауы қазіргі медицина үшін маңызды идеяны, яғни пациентке көмектесу жолында түрлі мамандықтардың білімі мен мүмкіндіктерін біріктіруді білдіреді. Пәнаралық тәсіл диагностика мен емдеу мәселелерін бір ғана бағыт аясымен шектелмей қарастыруға, терапиялық және хирургиялық тәжірибенің өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.

 

PRO.MED.CS Praha a.s. атынан медицина ғылымдарының докторы, профессор, Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы, эндокринология бағытының жетекшісі, Ұлттық эндокринология институты клиникасының директоры және Иван Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университетінің эндокринология кафедрасының меңгерушісі Елена Романовна Гиоргадзе сөз сөйледі.

 

PRO.MED.CS Praha a.s. үшін кәсіби іс-шараларға қатысу - мамандардың өзара білім және тәжірибе алмасуына қолдау көрсету мүмкіндігі. Біз медицина қауымдастығының ынтымақтастықты дамытуға және пациенттердің денсаулығы мен өмір сапасын басты орынға қоятын шешімдерді іздеуге деген ұмтылысын қолдаймыз.

 

Біздің миссиямыз - медициналық көмек аса қажет жерлерде сапалы дәрілік препараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, пациенттер мен дәрігерлерге көмектесу.