ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ: ӘРЕКЕТТЕГІ КАРДИОЛОГИЯ» конференциясы өтті.
Іс-шара жүрек-қан тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеуге, сондай-ақ метаболикалық бұзылыстары бар пациенттерде артериялық қысымды бақылау тәсілдеріне арналды.
Конференция бағдарламасы аясында ҚазҰМУ-дың кардиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Тундыбаева Мира Қапсиметовна «Артериялық қысымды бақылаудың заманауи шешімдері: метаболикалық бұзылыстарға фокус» тақырыбында баяндама жасады.
«CARDIONEXT» конференциясы түрлі өңірлер мен елдерден келген мамандардың қатысуымен өтіп, кардиология мен сабақтас салалардың өзекті мәселелерін клиникалық тәжірибе тұрғысынан талқылауға арналды.