PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясы 2025 жылғы 8–9 сәуірде Алматы қаласында өткен үшінші Халықаралық «Фарма Қазақстан және Орталық Азия» конгресіне қатысты.
PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясы 2025 жылғы 8–9 сәуірде Алматы қаласында өткен үшінші Халықаралық «Фарма Қазақстан және Орталық Азия» конгресіне қатысты.
Жыл сайын өтетін Халықаралық конгресс пен көрме 250-ден астам қатысушыны біріктіретін маңызды оқиға болып табылады. Іс-шара аясында 20-дан астам инвестициялық жоба ұсынылып, екі күн бойы өңірдегі фармацевтика саласының көшбасшылары арасында белсенді диалог жүрді. Конгресс Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және аймақтағы басқа да елдердің өкілдері үшін бірегей кәсіби алаңға айналды. Олардың қатарында мемлекеттік органдар, реттеуші мекемелер, өндірушілер, инвесторлар, технологиялық әзірлеушілер мен жабдық жеткізушілері бар.
Конгреске қатысу PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясына өңірдегі өз позициясын нығайтып қана қоймай, фармацевтика саласындағы өзекті трендтерді, заманауи технологияларды және саланы құқықтық реттеудегі өзгерістерді үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді. Компания әрдайым ашық диалог пен серіктестікке дайын. Әрі халықаралық жоғары стандарттарға сай тиімді бизнес-процестерді дамытуға ұмтылуда.