Бағдарламаның негізгі тақырыбы метаболикалық бұзылыстар және олардың бауыр мен жүрек-қантамыр жүйесіне әсері турасында өрбіді.
Медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» КЕАҚ эндокринология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Қазақстан эндокринолог дәрігерлер қауымдастығы» РҚБ хатшысы Досанова Айнұр Қасымбекқызы «дәрігер-эндокринолог тәжірибесіндегі метаболикалық тұрғыдағы бауырдың майлы ауруы» тақырыбында баяндама жасады.
Метаболикалық бұзылыстар тақырыбын медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кардиология кафедрасының профессоры, «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика мамандары қоғамы» ҚБ вице-президенті Тундыбаева Мейрамгүл Қапсиметқызы «Қан қысымын бақылаудың заманауи шешімдері: метаболикалық бұзылыстарға фокус» атты баяндамасымен жалғастырды.