2025 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында гастроэнтерология саласындағы жетекші мамандарды біріктірген «Гастроэнтерология 2025» VI Халықаралық конгресі өтті. Бұл іс-шараның негізгі серіктестерінің бірі PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясы болды.
Конгресс аясында белгілі отандық дәрігерлер сөз сөйледі. Олардың қатарында медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гастроэнтерология кафедрасының меңгерушісі, «Interna Clinic» гастроэнтерология, гепатология және метаболизм институтының медициналық директоры, PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясының сарапшысы — Александр Витальевич Нерсесов «Метаболизммен ассоциацияланған майлы бауыр ауруы» тақырыбында баяндама жасады.
Бұл конгресс асқазан-ішек жолы ауруларын диагностикалау мен емдеудегі өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және клиникалық практикаға озық ғылыми әзірлемелерді енгізу тұрғысынан маңызды алаңға айналды.