Басты назарда гипертония және жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы

12.06.2026

2026 жылғы 11–12 маусымда Алматыда Қазақстан Республикасы кардиологтарының XVIII конгресі өтті.

Бұл еліміздің кәсіби кардиологиялық қауымдастығы үшін жылдың маңызды іс-шараларының бірі. Конгресті Қазақстан Республикасының «Кардиологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара отандық жетекші мамандардың, ғалымдардың, практик дәрігерлердің және шетелдік сарапшылардың тәжірибе алмасу алаңына айналды.

 

Конгресс бағдарламасы жүрек-қантамыр ауруларын диагностикалау, емдеу және олардың алдын алуға қатысты ауқымды тақырыптарды қамтыды. Заманауи клиникалық ұсынымдарды тәжірибеге енгізуге, артериялық гипертензиясы, жүректің ишемиялық ауруы және басқа да кардиологиялық аурулары бар пациенттерді емдеуде жеке тәсіл қолдануға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ фармакотерапиядағы жаңалықтар мен пациенттердің жағдайын бақылау технологиялары талқыланды.

 

Конгресте PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясының сарапшысы ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, артериялық гипертония және жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы саласындағы жетекші мамандардың бірі, «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика мамандарының қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Гүлнара Алдешқызы Жүнісбекова баяндама жасады. Ол өз сөзінде артериялық қысымды бақылаудың заманауи стратегияларына, қан қысымын төмендететін емді әр пациентке жеке таңдаудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін азайтудың негізгі факторларының бірі ретінде пациенттің тағайындалған емді тұрақты әрі дұрыс ұстануы екенін атап өтті.

 

PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясының Қазақстан Республикасы кардиологтарының XVIII конгресіне қатысуы оның кәсіби медициналық қауымдастықты қолдауға және дәлелді медицинаға негізделген кардиологияны дамытуға бейілділігін көрсетті. Мұндай іс-шаралар мамандар арасындағы кәсіби диалогты нығайтып, практик дәрігерлердің білімін жаңартуға және жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.