Бауырдың метаболикалық үдерістердегі рөлі және оның орталық жүйке жүйесімен байланысы

17.04.2025

2025 жылғы 17 сәуірде өткен «Ми құпиялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мультидисциплинарлық форум форматында ұйымдастырылып, әртүрлі саладағы дәрігерлерді біріктіріп, пәнаралық өзекті мәселелерді талқылауға арналды.

Іс-шараны Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасы, Астана қаласындағы Инсульт мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы және «Азия Жүрек пен Ми қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Конференция барысында неврология мен терапияның түрлі қырлары, соның ішінде бауырдың адам орталық жүйке жүйесімен байланысы сияқты тақырыптар қозғалды. Барлық сарапшылар өз баяндамаларында түрлі соматикалық аурулар мен асқынулары бар науқастарды жүргізуде жүйелі әрі кешенді тәсілдің маңызын атап өтті. Мұндай көзқарас аурулардың өту барысына және болжамына оң әсер етіп, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және халыққа көмектесуге сеп болады.

 

Раисова Айгуль Сериковна

Шақырылған спикер — медицина ғылымдарының докторы, гастроэнтеролог Раисова Айгүл Мұратқызы өз баяндамасында бауыр зақымданулары мен гастроэнтерологиялық аурулардың жүрек-қан тамырлары және неврологиялық аурулар кезінде асқынуға алып келуі мүмкін екенін растайтын ғылыми-зерттеу деректерін ұсынды. Спикер нейродегенеративті үдерістер мен бауыр аурулары арасында байланыс барын айтып, гепатологияда дәстүрлі түрде қолданылатын урсодезоксихоль қышқылының (УДХҚ) неврологиялық науқастарда да қолданылуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл ұсыныс пәнаралық тәжірибедегі жаңа зерттеулердің бастауы ретінде айтылып, Дүниежүзілік бауыр күні қарсаңында ерекше өзектілікке ие болып отыр.