EASL 2025 Конгресі: 7–10 мамыр, Амстердам (Нидерланды)

10.05.2025

Бүкіл әлемдегі жетекші мамандарды жинайтын гепатология саласының маңызды жаһандық шарасы жыл сайын өткізіліп келеді.

Мазмұнды пікірталастарға, білім беру сессияларына және  нетворкингке толы іс-шара Амстердамда офлайн және онлайн форматта өтті.

Ұйымдастырушылар Конгресс гепатология мен оған жақын медициналық салалардағы диагностика, емдеу және ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылайтын маңызды алаң болды деп үміттенеді.

Конференцияға 119 елден 7 742 адам қатысып, барлығы 1 886 баяндама жасалды.
Бағдарлама аясында:

- 2 500-ден астам ғылыми тезис
- Интерактивті тәжірибелік сессиялар
- Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың дәрістері
- Кәсіби әріптестікке арналған ашық алаңдар ұйымдастырылды.

PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясы шараға дәстүрлі түрде араласып, гепатологиядағы халықаралық тәжірибені қазақстандық сарапшылармен бірлесіп енгізіп келеді. Ол ұлттық және халықаралық деңгейдегі мамандардың қатысуымен өткізілетін интерактивті тәжірибелік сессиялар мен дәрістер арқылы жүзеге асуда.

PRO.MED.CS Praha a.s. – ғылымды, медицинаны және халықаралық кәсіби диалогты қолдайтын халықаралық компания.