Гипертонияға арналған Милан конгресі: емдеуде кешенді тәсілге мән беру

03.06.2025

23-26 мамыр аралығында Миланда артериялық гипертонияға арналған 35-ші Еуропалық конгресс (ESH) өтті. Бұл дәрігерлерге арналған ең ауқымды іс-шаралардың бірі болып табылады.

 

Артериялық гипертония инсульт, инфаркт, жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі кезінде негізгі қауіп факторларының бірі болып қала береді. Сонымен қатар, гипертониямен ауыратын науқастардың 60%-ында липидтік алмасудың бұзылуы байқалады. Ал бұл қауіп-қатерді айтарлықтай арттырады..

Конгресс аясында кешенді емдеуге, яғни антигипертензивтік терапияны липидтік профильді түзетумен ұштастыруға ерекше назар аударылды. Мұндай тәсіл қан қысымын төмендетіп қана қоймай, жүрек-қантамырлық асқынулардың алдын алуға да мүмкіндік береді.

Бұл тақырыптар PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясының Қазақстандағы ұстанымымен тікелей үндесуде. Біз әрқашан ойластырылған терапиялық шешімдерді қолдаймыз.

PRO.MED.CS Praha a.s. - жүрек пен қан тамырлары саулығы маңызын түсінетін серіктес.