«ИЛПИО. Махаббат тарихы» ғылыми-практикалық іс-шарасы

11.04.2025

PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясы мен Артериялық гипертония және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу жөніндегі мамандар қоғамы бірлесіп «ИЛПИО. Махаббат тарихы» атты ғылыми-практикалық іс-шара өткізді.

2025 жылғы 10 сәуірде Алматы қаласында PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясы мен Артериялық гипертония және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу жөніндегі мамандар қоғамы бірлесіп «ИЛПИО. Махаббат тарихы» атты ғылыми-практикалық іс-шара өткізді.

 

Оған кардиология саласындағы жетекші мамандар жиналды. Бағдарлама аясында:

  • «Артериялық гипертония және қауіп факторлары — мүмкіндіктер терезесі»
  • «Тиазид тиазидке ұқсамайды: Индапамид — дәлелді медицинаның назарында»
  • «Сенім артуға болатын серіктес: Телмисартан — тірек пен тетік»
  • «ИЛПИО Қазақстанда: алғашқы шынайы тәжірибе» сынды баяндамалар жасалды.

 

Іс-шара спикерлері:

  • Гүлнара Жүнісбекова — медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Артериялық гипертония және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу жөніндегі мамандар қоғамының президенті
  • Мейрамгүл Тундыбаева — медицина ғылымдарының докторы, аталған қоғамның вице-президенті
  • Ләззат Багланова — кардиолог, медицина магистрі, PhD докторанты, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кардиология кафедрасының ассистенті
  • Диляра Мұхтарханова — кардиолог, PhD докторанты, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кардиология кафедрасының ассистенті.

     

Кездесу ғылыми пікір алмасу рухында өтті және жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан науқастарды емдеудің сапасын арттыру үшін тәжірибе мен білім алмасудың маңыздылығын көрсетті. Қатысушылардың ерекше назарын аударған тақырып — ИЛПИО препараты болды. Бұл — телмисартан мен индапамидтің біріктірілген және Қазақстанда қолжетімді алғашқы әрі жалғыз тұрақты комбинациясы. Ол бірдей бөлінетін шағын таблетка түрінде шығарылады.

 

ИЛПИО артериялық қысымды тиімді бақылауды, телмисартанның метаболикалық артықшылықтарын және индапамидтің дәлелденген тиімділігі мен метаболикалық бейтараптығын біріктіріп, дәрігерлерге гипертонияны емдеуде заманауи әрі ыңғайлы шешім ұсынады. Қатысушылар клиникалық тәсілдерді талқылап, сарапшыларға сұрақтар қойып, ИЛПИО-ның тәжірибедегі нақты қолданылуымен танысты.

 

PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясы медицина қауымдастығын қолдауды жалғастырып, кәсіби дамуға және пациенттердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған озық денсаулық сақтау шешімдерін енгізуге өз үлесін қосуда.