PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясының дәрігерлерге арналған семинары өтті

10.06.2026

Іс-шара кардио-рено-гепато-метаболикалық синдром тақырыбына арналды.

Семинарда медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты эндокринолог дәрігер, ҚМРМУ эндокринология кафедрасының аға оқытушысы Рита Алимбекқызы Қасымалиева баяндама жасады. 

 

Талқылаудың негізгі өзегі ретінде жүрек-қан тамырлары, бүйрек, бауыр және метаболикалық бұзылыстардың өзара байланысы, сондай-ақ жалпы практика дәрігерлері мен терапевтердің пациенттерінде кардио-рено-гепато-метаболикалық синдромды ерте анықтаудың маңызы айтылды.

 

Сонымен қатар пациенттерді кешенді емдеу барысында урсодезоксихол қышқылының рөліне және кардио-метаболикалық қауіптерді төмендету мен науқастардың өмір сапасын жақсарту үшін мультидисциплинарлық тәсілдің маңызына ерекше назар аударылды.